2025 жылғы Қазақстан Кубогінің топтық кезеңі өз мәресіне жақындап келеді.

«Арлан» овертаймда «Горнякты» жеңіп, өзіне де, «Сарыарқаға» да турнирдің жартылай финалына мерзімінен бұрын жолдаманы қамтамасыз етті. Негізгі уақытта Александр Гопиенко мен Валерий Гурин дубльмен алмасқан еді. Ал қосымша бес минуттықтың аяқталуына 15 секунд қалғанда Степан Санниковтың дәл соққысы кездесудің тағдырын шешті.
Енді «Сарыарқа» мен «Арлан» жекпе-жекте А тобының жеңімпазын анықтайды.
«Горняк» - «Арлан» 2:3 ОТ (0:0, 1:1, 1:1, 0:1)
0:1 - 25:38 - Гопиенко (Санников)
1:1 - 33:52 - Гурин (Степанов, Юлбарисов)
2:1 - 43:37 - Гурин (Степанов) ГБ
2:2 - 56:16 - Гопиенко (Кураков)
2:3 - 64:45 - Санников (Гопиенко, Недилько) ГБ
Қақпашылар: Тихонов - Истомин

«Алматы» Сергей Машинец пен Муса Гусейновтің дөп соққыларының, сонымен қатар Илья Яковенконың 31 сейвінің арқасында «Ақтөбені» жеңді. Осы жеңісінен кейін оңтүстікастаналық ұжымның әлі де турнирдің финалына шығу мүмкіндігі бар. Ал «Ақтөбе» беделді трофей үшін тартыса алмайды – команда екі бастапқы матчта ұпай жинай алмады.
«Алматы» - «Ақтөбе» 2:1 (0:0, 1:0, 1:1)
1:0 - 23:27 - Машинец (Атаханов, Анисимов) ГБ
1:1 - 45:16 - Плотников (Сапарбек)
2:1 - 49:08 - Гусейнов (Атаханов)
Қақпашылар: Яковенко - Костюков
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Saryarqa
Qulager
Torpedo
Arlan