Арлан мен Құлагер Кубокті жеңістен бастады

22 tamyz
1288

Қарағанды мен Өскеменде 2025 жылғы Қазақстан кубогінің алғашқы матчтары өтті.

«Бейбарыс» «Арланға» қарсы кездесуде бірінші үзіліске аз ғана уақыт қалғанда Юсуп Асухановтың күшімен есеп ашты. Алайда атыраулықтарға жеңіске жету мүмкін болмады. Шешуші үшінші кезең толықтай алаң иелерінің бақылауында өтті. Көкшетаулықтарға жеңіс әкелгендер – Дмитрий Преснов пен Степан Санниковтың дәл соққылары және бос қақпаны дәл көздеген Захар Захаров болды.

«Арлан» - «Бейбарыс» 3:1 (0:1, 0:0, 3:0)

0:1 - 15:55 - Асуханов (Васин, Гасников)

1:1 - 45:37 - Преснов (Санников, Борисов) ГБ

2:1 - 49:13 - Санников

3:1 - 59:28 - Захаров (Преснов) ПВ

Қақпашылар: Шефер - Микушин

«Құлагер» ойын қарқынын біртіндеп арттырып, «Алматыға» В тобының алғашқы кездесуінде еш мүмкіндік қалдырмады. Қарсылас қақпасына екі реттен шайба салғандар – төрт ұпай жинаған Александр Воробьёв пен Ян Хоменко. Ал Антон Осокиннің есебінде 17 сэйв бар.

«Алматы» - «Құлагер» 1:6 (1:1, 0:2, 0:3)

1:0 - 03:57 - Анисимов (Рангаев, Амырканов)

1:1 - 08:13 - Штефан (Коваленко, Гатин)

1:2 - 27:38 - Воробьев (Горожанинов, Ербатыров)

1:3 - 31:31 - Хоменко (Воробьев)

1:4 - 43:16 - Воробьев ГМ

1:5 - 52:48 - Шапорев (Воробьев)

1:6 - 56:40 - Хоменко (Тунхузин, Гончаров)

Қақпашылар: Эрштейн - Осокин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.