Достық кубогі. Номад Витебскіден минималды есеппен жеңілді

21 tamyz
316

«Номад» «ЕуроАзиялық Достық кубогі» халықаралық турниріндегі алғашқы матчтын өткізді.

Белоруссиялық «Витебскімен» текетіресте «астаналық» ұжымы минималды 0:1 есебімен жеңілді. «Көшпенділер» қарсы қақпаға 19 соққы жасады, алайда олардың бір де бірі жетер жеріне жетпеді. «Номад» құрамынан кездесудің үздік ойыншысы деп 42 сейв жасаған Роман Калмыков танылды.

Ертең Константин Пушкарёвтің ойыншылары«Гомельмен» ойнайды.

«Витебск» - «Номад» 1:0 (0:0, 0:0, 1:0)

1:0 – 51:35 – Листопадов (Астанков, Ипатов)

Қақпашылар: Бобарико – Калмыков 


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.