Сарыарқа сапына Қазақстан құрамасының қорғаушысы қосылды

30 shilde
489

Pro Ligasy клубтарындағы ауыс-түйістерді бақылауды жалғастырамыз.

«Сарыарқа» Эдуард Михайловпен келісімшарт жасасты. Өткен маусымда қорғаушы «Арланға» чемпиондықты жеңіп алуға көмектесті, ал одан кейін Қазақстан ұлттық құрамасы сапында элиталы дивизиондағы әлем чемпионатында дебют жасады.

Сары-қаралардың намысын қорғауды Жәкен Ибрагимов жалғастырады, голкипер қарағандылық клубтың біліктілік ұсынысын қабылдады. Мұнан басқа, «Сарыарқаға» «Барыс» жүйесінен шабуылшылар Егор Смольянинов пен Илья Шапоров, сондай-ақ «Бейбарыстың» экс-форварды Санжар Түсіпбеков өтті.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.