«Еуроазиялық Достық Кубогі» біліктілік турнирі Гомельде 21-24 тамыз аралығында өтеді.
Оған ресейлік «Химик», белорустық «Гомель» және «Витебск», сонымен қатар қазақстандық «Номад» қатысады. Бірінші және екінші орындар алған командалар Минскіде 2026 жылғы 10 және 11 қаңтарда өтетін Төртеудің финалында ойнау құқығын алады.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша екі үздік командадан басқа, турнирдің басты матчтарына Экстралига мен Ресей чемпионатының өткен маусымының чемпиондары – «Юность» (Минск қ.) және «Торпедо-Горький» (Нижний Новгород қ.) қатысады.
«Номад» матчтарының Астана уақыты бойынша кестесі
21 тамыз15:45 «Витебск» - «Номад»
23 тамыз18:45 «Гомель» - «Номад»
24 тамыз17:00 «Номад» - «Химик»
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Arlan
Torpedo
Qulager