«Еуроазиялық Достық Кубогі» – Беларусь, Қазақстан және Ресей хоккей федерацияларының бірлескен жобасы.
Турнир 2022–2023 маусымынан бастап өткізіліп келеді. Оның мақсаты — клубтарға жоғары халықаралық деңгейде жарыс тәжірибесін ұсыну, шайбалы хоккейдің дамуына және қатысушы елдерде танымал болуына ықпал ету, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Турнирге Бүкілресейлік хоккей лигасының, Беларусь Республикасы чемпионатының (Экстралига) және Қазақстан Республикасы чемпионатының (Pro Hokei Ligasy) үздік командалары қатысады. Қазақстан чемпиондары 2023–2024 маусымынан бастап турнирдің іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. Дәстүрлі түрде бұл кезең тамыз айында өткізіледі.
2025 жылы дәл осы уақытта Pro Ligasy командалары арасында Қазақстан Кубогын өткізу жоспарланған. Қазіргі таңда ел чемпионы «Арланның» Беларуське сапарды қаржыландыруға мүмкіндігі жоқ. Ал өткен маусымның басқа жүлдегерлері – «Торпедо» мен «Сарыарқа» ҚР Кубогының ойындарын қабылдайтын тарап болады.
Осыған байланысты Қазақстанның хоккей федерациясы мен «Барыс» хоккей клубы бірлесіп, «Еуроазиялық Достық Кубогінің» іріктеу кезеңіне «Номад» командасын қатыстыру туралы шешім қабылдады. «Номад» – бұл турнирге бұған дейін де қатысқан тәжірибелі команда. Алдағы турнир Гомель қаласында өтеді, матчтардың кестесі кейінірек жарияланады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Nomad
Saryarqa
Torpedo
Arlan
Qulager