Евгений Болякин ойыншы ретіндегі мансабын аяқтап, Карметтің бапкерлер штабына кірді

14 shilde
592

Қарағандылық клубтың баспасөз қызметі жастар командасының жаттықтырушылар құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады.

Тәжірибелі қорғаушы Евгений Болякин ойыншы ретіндегі мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады. Оның еншісінде кәсіби деңгейдегі 950-ден астам матч, соның ішінде «Сарыарқа» сапында 100 ойын өткізді. Енді Евгений Олегович бапкерлік жолын бастайды – ол «Кармет» жастар командасында Максим Худяковтың көмекшісі болады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.