«Сарыарқа» өз жанкүйерлерін қызықты келісімшарттарымен қуантуда.
Өзі түлеп ұшқан клуб жүйесіне плей-оффтың үздік шабуылшысы Владимир Волков қайта оралды. Ол өткен маусымда «Арлан» құрамында чемпион атанды. Көкшетаулықтар сапында өткен маусымда өткізген 52 матчта шабуылшы 48 (12+36) ұпай жинады.
«Сарыарқаға» Сергей Барбашев та оралды. Өткен маусымды шабуылшы «Динамо Алтай» ЖХЛ командасында өткізді. 54 матчта ол 8 шайба салып, 13 нәтижелі пас берді.
«Сарыарқадағы» мансабын қарағандылық жанкүйерге жақсы таныс Радель Фазлеев те жалғастырады, өткен маусымда ол «Хумоның» намысын қорғаған болатын (17 ойында 3+9).
Мұнан басқа, «сары-қаралардың» баспасөз қызметі қорғаушылар Кирилл Полоховпен және Михаил Степановпен, сонымен қатар шабуылшы Тимофей Симоновпен келісімшарттарын ұзартатыны туралы жария етті.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Saryarqa
Nomad
Arlan
Torpedo
Qulager