Торпедоның маусымалды дайындық жоспары

10 shilde
925

Өскемендік клубтың баспасөз қызметі негізгі команданың алдағы жоспарларымен бөлісті.

Тереңдетілген медициналық тексеруден өткеннен кейін «торпедолықтар» Щучинскіге оқу-жаттығу жиындарына аттанып, 28 шілдеге дейін болады. Маусымға дайындықтың екінші циклы Өскеменде өтеді.

9 және 13 тамыз аралығында команда Барнаул қаласында маусымалды турнир – «Алтай өлкесі губернаторының кубогіне» қатысады. Әрі қарай «Торпедо» ҚР Кубогіне қатысып, одан кейін Қазақстан чемпионатына дайындықтың қорытынды циклы өтеді.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.