Талғат Жайлауов Номадты басқарады

10 shilde
728

«Барыстың» баспасөз қызметі «Номадтың» жаңарған бапкерлер штабын таныстырды.

Команданың бас бапкері болып өткен әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының штабына кірген Талғат Жайлауов тағайындалды. Маманға Константин Пушкарёв, қақпашылар бапкері Александр Кудрявцев, сондай-ақ ЖДД бойынша бапкер Сергей Левданский көмектеседі.

«Номадтың» оқу-жаттығу жиындары 12 шілде күні медициналық тексеруден кейін басталады.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.