Арлан финалдық сериядағы үстемдікті нығайтты

9 sáýir
638

Көкшетауда Pro Ligasy финалының екінші матчы өтті.

Ойынның есебі 16-шы секундта-ақ ашылды – алаң иелерін алға Данил Парамонов шығарды. Өскемендіктер бұған Андрей Лагуновтың дөп соққысымен жауап берді. Ал екінші кезең көкшетаулық ұжымның бақылауында өтті, олар бұған қоса, ереже бұзған қарсыластың сазайын екі рет берді. Парамонов дубль жасады, өз есептеріне бір-бір голдан Дмитрий Преснов пен Владимир Волков жазды.

Александр Акмальдинов пен Никита Колобов соңғы кезеңде ойынды тартысты етті. Алайда бұл екі голдың арасына Владимир Боровковтың шайбасы кірісті. Матчтың нүктесін қарсыластың бос қақпасын алған Владислав Никулин қойды.

«Арлан» - «Торпедо» 6:3 (1:1, 3:0, 2:2)

1:0 - 00:16 - Парамонов (Хорошев, Преснов)

1:1 - 08:23 - Лагунов (Гавриленко)

2:1 - 26:28 - Парамонов (Преснов, Санников)

3:1 - 31:07 - Преснов (Санников, Гопиенко) ГБ

4:1 - 39:47 - Волков (Никулин) ГБ

4:2 - 43:49 - Акмальдинов (Сулимов, Мусоров)

5:2 - 46:11 - Боровков (Волков)

5:3 - 48:05 - Колобов (Яковлев, Мусоров) ГБ

6:3 - 59:05 - Никулин (Санников, Михайлов) ПВ

Қақпашылар: Кудрявцев - Янков

«Арлан» - «Торпедо» сериясындағы есеп: 2-0 (9:2, 6:3)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.