Торпедо серияны Ташкентке қайтарды

26 naýryz
655

Өскеменде «Торпедо» мен «Хумо» арасындағы жартылай финалдық серияның бесінші жекпе-жегі өтті.

Алаң иелері бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, олардың тактикасы нәтиже берді. Евгений Сулимов пен Никита Колобовтың дөп соққылары «торпедолықтарға» үзіліске көшбасшы дәрежесінде аттануға мүмкіндік берді. Андрей Лагунов екінші кезеңнің басында өскемендіктердің үстемдігін нығайтты. Ташкенттіктерді ойынға Владислав Пестовтың қақпасын алған Вячеслав Литовченко оралтты. Көп ұзамай Вадим Кравченко қонақтар үшін артық құрам ұйымдастырды. Алайда «Хумо» кездесудің барысын толықтай бұра алмады. Шығысқазақстандықтар аталмыш жартылай финалдық текетіресті кемінде бір матчқа ұзартты.

«Торпедо» - «Хумо» 3:1 (2:0, 1:0, 0:1)

1:0 - 10:45 - Сулимов (Кляузов)

2:0 - 13:25 - Колобов (Тютюньков, Кляузов)

3:0 - 20:30 - Лагунов (Яковлев, Александров)

3:1 - 53:24 - Литовченко (Кравченко, Шевченко)

Қақпашылар: Пестов - Моисеев (Козловский, 20:30-60:00)

«Торпедо» - «Хумо» сериясындағы есеп: 2-3 (5:3, 2:4, 2:3, 1:4, 3:1)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.