1ХВЕТ Hokei Meiramy сәуірде Қарағандыда өтеді

26 naýryz
696

1ХВЕТ Hokei Meiramy сәуірде Қарағандыда өтеді

2025 жылғы 26 және 27 сәуірде Қарағандыда Қазақстанның хоккей федерациясы ұйымдастырған «1ХВЕТ Hokei Meiramy 2025» хоккей мерекесі өтеді. Ғаламат шара екінші жыл қатарынан өткелі отыр және қазақстандық хоккейдің аңызға айналған тұлғаларының, жанкүйерлері мен елдің жетекші хоккейшілерінің басын қосады.

Өткен жылы 1ХВЕТ Hokei Meiramy Астанада алғаш рет хоккей майталмандары – Кевин Даллмэннің, Виталий Еремеевтің, Талғат Жайлауовтың, Константин Пушкаревтің, Қазақстан құрамасы ойыншыларының, стендап-комик Евгений Чебатковтың, PRO және JAS Ligasy-ның үздік ойыншыларының қатысуымен өткен болатын. Хедлайнер V$ X V PRiNCE болды.

«Hokei Meiramy» – Қарағандыдағы екі күнге созылатын үлкен хоккей мерекесі

Іс-шара бағдарламасы:

26 сәуір – мастер-шоу, командалардың таныстырылымы, әртістердің өнері (хедлайнердің есімі кейінірек хабарланады) және фанаттармен кездесу.

27 сәуір – «Legends» және «PRO» командалары арасындағы жұлдызды матч. Аңыз-команда құрамында әр жылдары «Барыс» пен Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен танымал хоккейшілер. PRO командада – жанкүйерлердің дауыс беруі нәтижесінде таңдалған ішкі ел чемпионатының үздік ойыншылары.

Өтетін орны: Қарағанды қаласы, «Қарағанды Арена», Юго-Восток ы/а, Қазыбек Би ауданы, Республика даңғылы, 13, "Қарағанды-Арена"

БАҚ-ты аккредиттеу және серіктестік ұсыныстармен жүгіну үшін:

байланыс деректері: +7 778 572 7505, ash@inhockey.tv

немесе globalsportmarketing.kz сайтында 1ХВЕТHokei Meiramy 2025 жобасының бөліміндегі нысанды толтырыңыз


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.