Ташкентте «Хумо» мен «Торпедо» арасындағы серияның төртінші матчы өтті.
Алаң иелері өз сәттерін ұтымды пайдаланып, әр кезеңде гол салды және қорғаныста мығым ойнады. Ташкенттіктер құрамынан өз есептерін Владислав Дюкарев, Дмитрий Гренц, Егор Буяльский мен Александр Шевченко толтырды. Глеб Моисеевтің есебінде 26 сейв бар. Өскемендіктер тек Никита Колобовтың орындауындағы голмен жауап берді. Серия ел шығысына «Хумоның» басымдығымен оралады.
«Хумо» - «Торпедо» 4:1 (1:0, 2:1, 1:0)
1:0 - 06:04 - Дюкарев (Малышев)
2:0 - 24:21 - Гренц (Кравченко, Сиксна) ГБ
3:0 - 31:43 - Буяльский (Павленко, Мальцев)
3:1 - 37:50 - Колобов (Скутар, Акмальдинов)
4:1 - 47:53 - Шевченко (Литовченко, Саврицкий)
Қақпашылар: Моисеев - Янков (Пестов, 47:53-60:00)
«Торпедо» - «Хумо» сериясындағы есеп: 1-3 (5:3, 2:4, 2:3, 1:4)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.