Сарыарқа Арланмен серияны ұзартты

21 naýryz
1264

Қарағандыда «Арлан» мен «Сарыарқа» арасындағы жартылай финалдық серияның төртінші матчы өтті.

Шегінерге жері жоқ алаң иелері бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, қарсыласты үш рет күйіндірді. Владислав Сайко, Егор Наместников пен Артём Валеев шайба салды. Бұл голдардың арасына Тамерлан Бейсембиев кірісті. Екінші кезеңнің ортасында Ярослав Хрипков Тимур Мейдерді төртінші рет жеңіліске ұшыратты.

Есеп бойынша едәуір артта қалғанына қарамастан «Арлан» ойынды тастамады және 43-ші минутқа қарай есеп теңестірді. Өз есептерін сұрмергендер Данил Парамонов, Владимир Волков пен Кирилл Басов толтырды. Алайда қарағандылықтар әйтсе де өз дегендеріне жетті. Егор Кузьменко Александр Коннов берген пасты жетер жеріне 5жеткізді және бұл Владимир Князевтің ойыншыларына серияны кемінде бір матчқа ұзартуға мүмкіндік берді. Бесінші матч Көкшетауда өтеді.

«Сарыарқа» - «Арлан» 5:4 (3:1, 1:2, 1:1)

1:0 - 04:08 - Сайко (Наместников, Болякин)

2:0 - 08:23 - Наместников (Коннов, Кузьменко)

2:1 - 15:19 - Бейсембиев (Санников)

3:1 - 16:41 - Валеев (Шингареев)

4:1 - 32:29 - Хрипков (Зайцев, Кузьменко)

4:2 - 34:21 - Парамонов (Архипов) ГБ

4:3 - 36:44 - Волков (Борисов, Никулин)

4:4 - 42:42 - Басов

5:4 - 53:05 - Кузьменко (Зайцев, Коннов)

Қақпашылар: Кадочников - Мейдер

«Арлан» - «Сарыарқа» сериясындағы есеп: 3-1 (5:0, 2:1, 2:1, 4:5)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.