Ташкент «Торпедо» мен «Хумо» арасындағы жартылай финалдың үшінші матчын қабылдады.
Негізгі жайттар бірінші үзіліске таяғанда болды. Данила Карабань мен Владислав Дюкаревтің дөп соққылары алаң иелеріне есеп бойынша алға шығуға мүмкіндік берді. Алайда Ян Тютюньков артық құрам ұйымдастырып, бір шайбаның есесін жылдам қайтарды. Келесі гол үшінші кезеңде бір-ақ салынды: Александр Шевченко артық құрам ұйымдастырды және осы гол матчтың тағдырын шешті. Матч соңында Тютюньков дубль жасады, алайда өскемендіктер одан ары аса алмады. Ташкенттіктердің қақпашысы Глеб Моисеев қақпаға бағытталған 29 соққыға тойтарыс берді.
«Хумо» - «Торпедо» 3:2 (2:1, 0:0, 1:1)
1:0 - 14:05 - Карабань (Сиксна, Лихотников)
2:0 - 16:38 - Дюкарев (Лихотников, Карабань)
2:1 - 18:49 - Тютюньков (Пархоменко, Маркабаев) ГБ
3:1 - 43:06 - Шевченко (Литовченко, Малышев) ГБ
3:2 - 55:57 - Тютюньков (Скутар, Олендаренко)
Қақпашылар: Моисеев - Янков
«Торпедо» - «Хумо» сериясындағы есеп: 1-2 (5:3, 2:4, 2:3)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.