Тұрақты чемпионаттың бірінші және төртінші командалары арасындағы жартылай финалдық серия Қарағандыда жалғасты.
Кездесудің негізгі жайттары ойын уақытының 19 секундын алды. Ұзақ уақыт бойы қарсыластар бір-бірінің қақпасын ала алмады. Алайда 48-ші минутта Владимир Волков шайбаны бөтен аймақта қолға түсіріп, Данил Кадочниковтің қақпасына жол тапты. Келесі ауысымда орталық шеңберде шайба тасталғаннан кейін Денис Чапоров қарағандылық жанкүйерді екінші рет күйіндірді. Араға тоғыз секунд салып, алаң иелері осы кездесудегі есептерін ашты – нөлдік бұрыштан Александр Коннов нәтижелі соққы жасады. Осымен командалардың шайба алмасуы тоқтады және тағы да қақпашылардың ойыны алға шықты. Нәтижесінде 30 сейв жасаған Сергей Кудрявцев «Арланға» ағымдағы сериядағы үшінші жеңісті сыйлады.
«Сарыарқа» - «Арлан» 1:2 (0:0, 0:0, 1:2)
0:1 - 47:14 - Волков
0:2 - 47:24 - Чапоров (Преснов)
1:2 - 47:33 - Коннов
Қақпашылар: Кадочников - Кудрявцев
Сериядағы есеп: 3-0 (5:0, 2:1, 2:1)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.