Хоккейден Қазақстан чемпионатының алдағы жартылай финалдық жұптары туралы жарияланымдар топтамасын аяқтаймыз.
«Торпедо» (2) – «Хумо» (3)
Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 3:2 Б, 1:4, 3:2 ОТ, 3:2
Жекпе-жектердегі үздік бомбардир: Никита Колобов (2+1) – Данила Карабань (4+2)
¼ финалдың нәтижесі: 4-1 в серии с «Актобе» - 4:1 в серии с «Горняком»
Плей-оффта салынған/өткізілген шайбалар: 18/16 – 18/10
Плей-оффтағы үздік бомбардир: Андрей Рунов (2+7) – Эдгарс Сиксна (0+5)
Маусымның жекпе-жектерінде тұрақты чемпионатта төрт матчтың үшеуін жеңген өскемендік ұжым алда келе жатыр. «Торпедо» жеңген матчтардың барлығы бір шайба айырмашылығымен аяқталды.
«Торпедо» мен «Хумо» - орташа нәтижелілік бойынша плей-оффтың үздік командалары. Ширек финалдарда қос команда қарсыласқа әрбір ойында 3,6 реттен шайба салды.
Өскемендіктердің шабуылшысы Андрей Рунов (2+7) – биылғы плей-оффтың үздік бомбардирі. Ол «Ақтөбемен» бес матчтың әрбірінде ұпай жинады.
«Хумолық» Глеб Моисеев сенімділік коэффициенті (2) және тойтарылған соққылар пайызы (92,5) бойынша қақпашылар цехінің көшбасшылары қатарында.
Ташкенттіктердің тағы бір өкілі Эдгарс Сиксна бес рет пас беріп, плей-оффтың үздік ассистенттерінің төрттігіне кіреді.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.