Көкшетауда, Ташкент пен Қарағандыда Pro Ligasy-ның ширекфиналдық сериялары жалғасуда.
«Арлан» серияның екінші матчында «Номадты» құрғатты. Бұл ретте көшпенділер қарсы қақпаға барлығы 17 соққы бағыттады – Сергей Кудрявцев олардың барлығына төтеп берді. Ал көкшетаулықтар ұтымды екі сәтті жүзеге асыра білді. Станислав Боровиков артық құрам ұйымдастырды, Денис Чапоров тең құраммен көзге түсті. Командалар елордаға елдің қазіргі чемпионының сенімді үстемдігімен ойысады.
«Арлан» - «Номад» 2:0 (1:0, 1:0, 0:0)
1:0 - 17:59 - Боровков (Волков, Борисов) ГБ
2:0 - 25:14 - Чапоров (Своеволин, Беляев)
Қақпашылар Кудрявцев - Дубинскас
«Арлан» - «Номад» сериясындағы есеп: 2-0 (3:1, 2:0)
Данила Карабань мен Вадим Кравченконың дублі «Хумоға» «Горнякпен» кездесудің үшінші кезеңінің ортасында жақсы үстемдік орнатуға мүмкіндік берді. Бұл жолы рудныйлықтар мінез көрсетіп, Антон Злобиннің дублі мен тұрақты чемпионаттың үздік бомбардирі Валерий Гуриннің дөп соққысынан кейін ойынды овертаймға айналдырды. Десе де, қосымша уақытта ташкенттіктер қарсыласты тықсырып, жеңіс шайбасының авторы артық құрам ұйымдастырған Вячеслав Литовченко болды.
«Хумо» - «Горняк» 4:3 ОТ (1:0, 0:1, 2:2, 1:0)
1:0 - 01:01 - Кравченко (Литовченко)
1:1 - 25:46 - Злобин (Ревацкий, Ляпунов)
2:1 - 44:26 - Карабань (Сиксна, Лихотников)
3:1 - 51:34 - Карабань (Лихотников, Литовченко) ГБ
3:2 - 52:29 - Гурин (Юлбарисов, Абдуллаев)
3:3 - 53:47 - Злобин (Ляпунов, Ревацкий)
4:3 - 67:08 - Литовченко (Карабань, Малышев) ГБ
Қақпашылар: Моисеев - Нурек
«Хумо» - «Горняк» сериясындағы есеп: 2-0 (5:3, 4:3 ОТ)
«Сарыарқа» мен «Алматы» тіпті екінші овертаймға өтті. Қарағандылықтар негізгі уақыт барысында екі рет есе қайтарушылар рөлінде болды, алайда екеуінде де алаң иелерінің есе қайтаруға шамасы келді. Дмитрий Стулов финалдық ысқырыққа үш жарым минут қалғанда есеп теңестірді. Нәтижесінде командаларды алаңнан Диас Атаханов тарқатты. Қонақтардың қақпашысы Антон Осокин қақпаға бағытталған 55 соққыға тойтарыс берді. Оңтүстікастаналық ұжым серияны өз алаңына түздегі екі жеңіспен алып кеткелі тұр.
«Сарыарқа» - «Алматы» 3:4 ОТ2 (1:0, 0:2, 2:1, 0:0, 0:1)
1:0 - 08:37 - Зайцев (Шингареев, Валеев) ГБ
1:1 - 25:48 - Рангаев (Кожевников)
1:2 - 37:23 - Штефан (Тарасов, Данилкин)
2:2 - 40:55 - Дёмин (Пелевин)
2:3 - 50:18 - Гафаров (Штефан)
3:3 - 56:28 - Стулов (Кузьменко, Верещагин)
3:4 - 85:22 - Атаханов (Рангаев)
Қақпашылар: Кадочников - Осокин
«Сарыарқа» - «Алматы» сериясындағы есеп: 0-2 (2:4, 3:4 ОТ2)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.