ҚХФ Құқықтық мәселелер жөніндегі комиссиясының № 152 матчтағы «BEIBARYS» ХК мен «ARLAN» ХК өкілдеріне қатысты шешімі

20 aqpan
1238

ҚХФ Құқықтық мәселелер жөніндегі комиссиясының № 152 матчтағы өкілдеріне қатысты шешімі

Ерлер командалары арасындағы «PRO HOKEY LIGASY» Қазақстан Республикасы Чемпионатының №152 матчындағы «BEIBARYS» ХКмен «ARLAN» ХК өкілдерінің іс-қимылдарына қатысты бұған дейін салынған тәртіптік жазаларға қосымша ҚХФ құқықтық мәселелер жөніндегі комиссиясы тарапынан келесідей шешім қабылданды:

1. Высоцкий А.А. ҚХФ спорттық іс-шаралары аясындағы хоккеймен байланысты кез-келген қызметтен 1 (бір) жылдық мерзімге шеттетілсін. Аталған адамдар өздерінің лауазымдық міндеттерін атқаруға деген көзқарасын қайта қараған жағдайда, шеттету мерзімі алты (6) айға дейін қысқартылуы мүмкін (комиссияның шешімі бойынша). Өтінішті қарау ҚХФ атына хоккей субъектілерінің және/немесе ресми тұлғалардың жазбаша өтініші (өтініші) негізінде жүргізіледі.

2. Маркелов Д. А. шеттету мерзімін қысқарту мүмкіндігінсіз 30.04.2025 жылға дейінгі мерзімге шеттетілсін.

3. А.А. Высоцкий мен Д.А. Маркеловқа шеттету уақытына Чемпионат шеңберінде кез келген дәрежедегі спорттық іс-шаралар процесіне, сондай-ақ ҚХФ ұйымдастыратын және өткізетін басқа да жарыстарға тікелей немесе жанама қатысуға, оның ішінде көрерменге арналған трибунаны қоспағанда, ойын алаңынан тыс периметрі бойынша қосалқы ойыншылардың орындықтарында, алаңдағы төрешілерге арналған төрешілер бөлмесінде және ойындарды өткізу кезінде тартылған өзге де орындарда болуға тыйым салынатыны түсіндірілсін.

4. «Бейбарыс» ХК басшысы С.М. Мекеевке, және «Бейбарыс» ХК спорт дәрігері С. Құралбаевқа көрерменге арналған трибунаны қоспағанда, ойын алаңынан тыс периметрі бойынша қосалқы ойыншылардың орындықтарында, алаңдағы төрешілерге арналған төрешілер бөлмесінде және Чемпионат жарыстарын өткізу кезінде тартылған өзге де орындарда (ойындар кезінде) болуға, сонымен қатар ҚХФ ұйымдастыратын және өткізетін басқа да жарыстарға болуға 6 (алты) айлық мерзімге тыйым салынсын.

Комиссияның шешімі түпкілікті және қайта қаралмайды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.