Қазақстан чемпионатының медальдары үшін тартысқа тағы алты ұжым қосылды.
«Сарыарқа» мен «Алматы» бірінші кезеңде екі шайбадан салып, матчты сергек бастады. Қарағандылықтар екі рет те артық құраммен көзге түсті. Әрі қарай қорғаныстағы ойынға басымдық берілді және алматылықтар қарсыластарына қарағанда табандылық танытты. Ал кезеңдердің соңындағы қажет сәттерде шешуші голдарды Владислав Туник пен Сергей Машинец салды. Қонақтардың қақпашысы Антон Осокин қақпаға бағытталған 50 соққыға тойтарыс берді.
«Сарыарқа» - «Алматы» 2:4 (2:2, 0:1, 0:1)
1:0 - 06:32 - Зайцев (Валеев, Стулов) ГБ
1:1 - 11:16 - Кожевников (Машинец, Анисимов)
1:2 - 12:26 - Данилкин (Штефан, Гафаров)
2:2 - 14:51 - Валеев (Стулов) ГБ
2:3 - 38:49 - Туник (Валиев, Анисимов)
2:4 - 57:14 - Машинец (Карамнов, Рангаев) ГБ
Қақпашылар: Кадочников - Осокин
«Сарыарқа» - «Алматы» сериясындағы есеп: 0-1
«Арлан» Дмитрий Архипов пен Данил Парамоновтың нәтижелі соққыларының арқасында бірінші кезеңде-ақ есеп бойынша шешуші межені орнатты. Соңғы кезеңде қарсыластар бір-бірден артық құрам ұйымдастырды, алайда бұл қорытынды нәтижеге ешқалай әсер етпеді. Сергей Кудрявцев өз есебіне 22 сейв жазды.
«Арлан» - «Номад» 3:1 (2:0, 0:0, 1:1)
1:0 - 10:27 - Архипов (Своеволин)
2:0 - 12:46 - Парамонов (Своеволин, Архипов)
3:0 - 50:28 - Буйван (Борисов) ГБ
3:1 - 51:56 - Данияр (Логвин) ГБ
Қақпашылар: Кудрявцев - Калмыков
«Арлан» - «Номад» сериясындағы есеп: 1-0
«Горняк» Ташкенттегі кездесу барысында 2:0 және 3:2 деген есеппен алда келе жатты (Евгений Степанов дубль жасады). Алайда үшінші кезеңнің басында рудныйлықтардың ойыны қиыс кетіп, мұны «Хумо» пайдаланды. 78 секунд ішінде алаң иелері қарсыласты үш рет күйіндіріп, үстемдігін арттырды. Жеңіс соққысының авторы – Артём Лихотников. Дубль ташкенттіктердің жаңа ойыншысы Андрей Буяльскийдің есебінде.
«Хумо» - «Горняк» 5:3 (0:2, 2:1, 3:0)
0:1 - 04:27 - Степанов (Платонов, Абдуллаев) ГБ
0:2 - 06:54 - Степанов (Поляничев, Абдуллаев)
1:2 - 29:20 - Кравченко (Литовченко, Сиксна)
2:2 - 37:53 - Малышев (Карабань, Жилов)
2:3 - 38:57 - Поляничев (Платонов)
3:3 - 43:15 - Буяльский (Гренц)
4:3 - 43:53 - Лихотников (Шуленин, Малышев)
5:3 - 44:33 - Буяльский (Степаненко)
Қақпашылар: Моисеев - Нурек
«Хумо» - «Горняк» сериясындағы есеп: 1-0
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.