Арлан – Номад сериясы алдында

15 aqpan
923

Хоккейден Қазақстан чемпионатының алдағы ширекфиналдық жұптары туралы жарияланымдар топтамасын бастаймыз.

«Арлан» (1*) – «Номад» (8)

* Мұнда және әрі қарай – тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша орын


Жеңістер/ұпайлар: 31/65 – 16/37

Тұрақты чемпионаттағы салынған/өткізілген шайбалар: 146/78 – 107/124

Тұрақты чемпионаттағы үздік бомбардир: Данил Парамонов (30+15) – Диас Гусейнов (9+18)

Тұрақты чемпионаттағы жекпе-жектер: 4:1, 3:1, 4:3, 0:1

Жекпе-жек матчтардағы үздік бомбардир: Владимир Волков пен Степан Санников (екеуі де 1+2) – Вячеслав Колесников (2+1)


Тұрақты чемпионатта «Арлан» «Номадқа» қарсы төрт кездесудің үшеуін жеңді және «көшпенділер» бұл матчтарда нәтижелілік тұрғысынан үлкен түйткілдерге тап болды.

Владимир Маркеловтың ойыншылары ең нәтижелі ойын (әрбір матчта орта есеппен 3,65 гол) және қорғаныс бойынша ең сенімді ойын (пассивте 1,95 шайба) көрсетті.

Тұрақты чемпионаттың ең нәтижелі 3 ойыншысының қатарына енген «көкшеліктердің» форварды Данил Парамонов 30 шайба салып, алдын ала кезеңнің ең үздік сұрмергені атанды. Көкшетаулықтардың 41-ші ойыншысы 13 голды артық құраммен салды.

«Арланның» тағы екі ойыншысы Владимир Волков (+28) пен Владислав Никулин (+27) тұрақты чемпионаттың ең «пайдалы» ойыншылары болды.

Фёдор Хорошев (8+21) – чемпионаттың үздік бомбардир-қорғаушысы.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.