Тұрақты чемпионаттың соңғы кездесу Атырауда өтті.
«Бейбарысқа» маусымды жалғастыру үшін шешуші матчта кемінде негізгі уақытта жеңілмеу қажет болды. Және атыраулықтардың гол салатын сәттерін көп болды, әсіресе артық құраммен ойында. Алайда «Арлан» тұрақты чемпионатты үлкен жеңіспен аяқтауға бел буып, өз қақпасына шайба жуытпады. Бұл матчта Владислав Никулин, Дмитрий Архипов, Данил Парамонов пен Фёдор Хорошев өз есептерін толықтырды. Осылайша, плей-оффтың сегізінші қатысушысы «Бейбарыстан» бір ғана балға озған елордалық «Номад» болып шыға келді.
«Бейбарыс» - «Арлан» 0:4 (0:0, 0:2, 0:2)
0:1 - 27:38 - Никулин (Буйван, Борисов)
0:2 - 37:53 - Архипов (Парамонов, Недилько)
0:3 - 47:10 - Парамонов (Буйван, Борисов)
0:4 - 56:51 - Хорошев (Беляев) ПВ
Қақпашылар: Фанайлов (Шефер, 40:00-53:45, 56:51-60:00) - Мейдер (Габдуллин, 40:00-42:15, 47:10-51:34)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.