«Алматы» мен «Арлан» оңтүстік астанада екінші матч өткізді.
Көкшетаулықтарға бірінші кезең сәттілік әкелді: есепті Владимир Боровков ашса, Владислав Никулин кем құраммен қонақтардың үстемдігін еселеді. Екінші кезеңнің соңында Владислав Туник бір шайбаның есесін қайтарды, одан арғыға алаң иелерінің шамасы жетпеді.
Осылайша, «Алматы» тұрақты чемпионат бағдарламасын 50 балмен аяқтап, бесінші орынды иеленді. Демек, «Сарыарқа» мен «Алматы» арасындағы ширек финалдық серияның бастапқы матчтары Қарағандыда өтеді.
«Алматы» - «Арлан» 1:2 (0:2, 1:0, 0:0)
0:1 - 07:54 - Боровков (Гопиенко)
0:2 - 12:55 - Никулин (Волков) ГМ
1:2 - 37:34 - Туник (Тунхузин)
Қақпашылар: Осокин – Мейдер
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.