Арлан Құлагерді ойсыратып, тұрақты чемпионатты жеңді, Бейбарыс плей-оффқа шығуға тағы бір қадам жасады

6 aqpan
901

Бейсенбі күні Қазақстан чемпионатында екі матч өтті.

«Құлагер» кезекті маусымды көңілді күймен аяқтай алмады. Петропавлдықтар өз алаңында тұрақты чемпионаттың аяқталуына төрт матч қалғанда бірінші орынды иеленіп қойған «Арланнан» ойсырай жеңілді. Александр Гопиенко хет-трик жасады, дубль Владислав Никулиннің есебінде. Ересектер деңгейіндегі алғашқы шайбаны көкшетаулықтардың қорғаушысы Галиаскар Аипов салды. Тимур Мейдердің есебінде 25 сейв бар.

«Құлагер» - «Арлан» 0:9 (0:4, 0:1, 0:4)

0:1 - 05:31 - Гопиенко (Парамонов, Хорошев) ГБ

0:2 - 07:37 - Никулин (Волков)

0:3 - 09:08 - Боровков (Никулин, Буйван) ГБ

0:4 - 11:17 - Парамонов (Хорошев, Санников) ГБ

0:5 - 39:39 - Карпов (Беляев, Никулин)

0:6 - 50:44 - Никулин

0:7 - 53:49 - Гопиенко (Боровков, Волков)

0:8 - 56:30 - Гопиенко (Пиниди)

0:9 - 58:48 - Аипов (Санников, Хорошев)

Қақпашылар: Гиганов (Осипов, 09:08-40:00, 46:09-56:30) - Мейдер

«Бейбарыс» «Ертістің» арынын басып, сегіздікке тағы екі балға жақындады. Атыраулықтар әрбір кезеңде нәтижелі шабуылдан жасап, қорғаныста мығым ойнады. Жеңіс шайбасын өз есебіне Юсуп Асуханов жазды, екі балды Аристарх Фальковский (1+1) иемденді.

«Бейбарыс» - «Ертіс» 3:2 (1:1, 1:0, 1:1)

0:1 - 17:46 - Прилуцкий (Билимбаев, Маслов)

1:1 - 19:18 - Фальковский

2:1 - 25:18 - Гасников (Каргин, Гатин) ГБ

3:1 - 52:58 - Асуханов (Свинцицкий, Фальковский)

3:2 - 59:23 - Абдрашитов (Билимбаев)

Қақпашылар: Микушин - Нечвиенко


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.