Хумо Номадтан басым түсті, Торпедо Көкшетаудан шайбасыз қайтты, Бейбарыс плей-оффқа жолдама үшін жарыста қалды

1 aqpan
961

Ақпанның алғашқы күні Қазақстан чемпионатында төрт матч өтті.

«Номад» «Хумомен» түздегі текетіресте тағы да ұпай жинай алмады. Ташкенттіктерге Денис Лудцевтің, Андрей Павленко мен Вячеслав Литовченконың дөп соққылары жеңіс сыйлады. Дмитрий Катаевтың ойыншылары тұрақты чемпионат бағдарламасын 58 балмен аяқтады.

«Хумо» - «Номад» 3:1 (1:1, 2:0, 0:0)

0:1 - 09:56 - Касенов (Лукавенко, Киреев)

1:1 - 19:03 - Лудцев (Дербенёв, Расулов)

2:1 - 33:44 - Павленко (Шевченко, Буяльский)

3:1 - 34:27 - Литовченко (Фазлеев, Зебзеев)

Қақпашылар: Моисеев - Калмыков

«Торпедо» ойыншылары «Арланмен» түздегі матчтарда Сергей Кудрявцевтің қақпасын ала алмады. «Арлан» Степан Санников пен Владимир Боровковтың орындауындағы голдардың, сондай-ақ голкиперінің 18 сейвінің арқасында тағы да жеңіске жетті. Тұрақты чемпионатта жеңіске жету үшін «көкшеліктерге» қалған алты кездесуде төрт балл жинау қажет. Өскемендіктер «Хумо» сияқты тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша 58 балл жинады.

«Арлан» - «Торпедо» 2:0 (1:0, 1:0, 0:0)

1:0 - 06:53 - Санников (Парамонов, Архипов)

2:0 - 35:42 - Боровков (Кураков)

Қақпашылар: Кудрявцев - Янков

«Сарыарқа» өз алаңында «Ақтөбені» ойсырата жеңді. Қарағандылықтар құрамынан Артём Валеев дубль жасады, Кирилл Полохов командаластарына үш рет пас берді. «Сары-қаралар» қақпашысы Данил Кадочников қақпаға бағытталған 35 соққыға тойтарыс берді.

«Сарыарқа» - «Ақтөбе» 8:2 (2:0, 2:1, 4:1)

1:0 - 01:30 - Коннов (Полохов)

2:0 - 16:07 - Пальмтаг (Наместников)

3:0 - 26:05 - Стулов (Коннов, Королинский)

3:1 - 29:21 - Гайсин (Арбузов) ГБ

4:1 - 30:01 - Сайко (Полохов, Кнауб)

5:1 - 44:01 - Валеев (Полохов, Хрипков)

6:1 - 47:52 - Верещагин (Ердаков, Кнауб)

7:1 - 48:31 - Пономарёв (Наместников, Королинский)

8:1 - 57:57 - Валеев (Шингареев)

8:2 - 59:01 - Потапов (Ищенко, Двуреченский)

Қақпашылар: Кадочников - Ершов (Селивёрстов, 30:01-60:00)

«Бейбарыс» Петропавлда маңызды екі балды жинады. Қонақтар құрамынан өз есептерін Даниил Свинтальский мен Илья Каргин толтырды. Артём Микушин қақпаға бағытталған 29 соққыға тойтарыс берді. Әлі ойнайтын бірнеше матчы бар атыраулықтар плей-офф үшін тартысты жалғастыруда.

«Құлагер» - «Бейбарыс» 1:2 (1:0, 0:2, 0:0)

1:0 - 11:59 - Рыжий (Гловацкий, Рангаев) ГБ

1:1 - 24:11 - Свинтальский (Каргин)

1:2 - 26:54 - Каргин (Гатин, Дыньков)

Қақпашылар: Каратаев - Микушин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.