Алматы Торпедоны жеңді, Арлан Ташкентте қарымта қайтарды

27 qańtar
384

Қазақстан чемпионатының Алматы мен Ташкенттегі матчтарын бақылайық.

«Торпедо» оңтүстік астанадағы алғашқы матчта асқан қарсылық байқамады. Екі голды өз есебіне өскемендіктердің форварды Максим Базанов жазды, екі нәтижелі пас Андрей Руновтың есебінде.

«Алматы» - «Торпедо» 1:6 (0:0, 1:3, 0:3)

0:1 - 25:44 - Колобов (Мусоров, Рунов) ГБ

1:1 - 31:08 - Жульдиков (Осокин) ГБ

1:2 - 35:10 - Мусоров (Тютюньков, Лагунов)

1:3 - 37:24 - Базанов (Олендаренко)

1:4 - 40:25 - Кляузов (Скутар, Рунов)

1:5 - 43:19 - Базанов (Панченко)

1:6 - 49:10 - Глухих

Қақпашылар: Осокин (Акулинин, 44:15-60:00) - Янков (Эрштейн, 53:41-60:00)

«Арлан» Өзбекстан астанасында қарымта қайтарды. Көкшетаулықтар алдымен екі шайба айырмашылығымен алда келе жатты, әрі қарай есе қайтарушылар рөлінде болды. Кездесудің қаһарманы – екінші үзіліске сәл қалғанда есепті теңестірген және ізінше буллиттер сериясында қонақтарға жеңіс сыйлаған Степан Санников. Осы жетістігінен кейін «көкшеліктердің» тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынға шығуға мүмкіндігі мол.

«Хумо» - «Арлан» 3:4 Б (0:2, 3:1, 0:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 04:24 - Парамонов (Санников, Архипов)

0:2 - 12:35 - Никулин (Боровков, Волков)

1:2 - 29:23 - Сиксна

2:2 - 35:03 - Кравченко (Фазлеев, Лихотников)

3:2 - 36:47 - Фазлеев (Лихотников, Карабань) ГБ

3:3 - 38:41 - Санников (Парамонов, Борисов)

3:4 - 65:00 - Санников ПБ

Қақпашылар: Моисеев - Мейдер


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.