Торпедо турнир кестесіндегі көшбасшылығын нығайтты

24 qańtar
270

Қазақстан чемпионатындағы жұмыс аптасы Өскемендегі бір матчпен аяқталды.

Андрей Рунов пен Евгений Сулимов бір шайбадан салған бірінші кезең алаң иелеріне ойынды өз бақылауына алып, қарсыласты уысында ұстауға мүмкіндік берді. Артық құрам ұйымдастырған Руслан Саввин рудныйлықтарға ойынға оралуға мүмкіндік берді. Алайда бір минуттан астам уақыт өте Никита Мерзликин ересектер деңгейіндегі алғашқы шайбасын салды және бұл соққы матчтың нүктесін қойды.

«Торпедо» - «Горняк» 3:1 (2:0, 1:1, 0:0)

1:0 - 01:50 - Рунов (Сулимов, Олендаренко)

2:0 - 05:59 - Сулимов (Рунов, Олендаренко)

2:1 - 25:26 - Саввин (Поляничев, Степанов) ГБ

3:1 - 26:45 - Мерзликин (Рысбеков)

Қақпашылар: Янков - Нурек


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.