Хумо Горнякты ойсырата жеңді, Алматы Ақтөбеде тағы да жеңіске жетті, Құлагер Ертіспен текетіресте маңызды ұпайларды жоғалтты

18 qańtar
365

Қазақстан чемпионатындағы ойын уикенді үш матчпен ашылды.

«Хумо» Рудныйдағы екінші матчта «Горнякты» тырп еткізбеді. Кездесудің басты қаһарманы – бірігіп 20 соққыға тойтарыс берген қонақтардың қақпашылары Глеб Моисеев пен Егор Шпак.

«Горняк» - «Хумо» 0:5 (0:1, 0:3, 0:1)

0:1 - 00:30 - Боровиков (Карабань, Жилов)

0:2 - 21:02 - Кравченко (Литовченко, Фазлеев)

0:3 - 29:30 - Малышев

0:4 - 29:47 - Лудцев (Дербенёв, Боровиков)

0:5 - 44:09 - Литовченко (Карабань, Фазлеев) ГБ

Қақпашылар: Тихонов - Моисеев (Шпак, 47:04-60:00)

«Ақтөбе» «Алматымен» екінші матчта қарымта қайтаруға жуық болды. Алайда қонақтар үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, финалдық ысқырыққа екі жарым минут қалғанда шешуші шайбаны салып, жігерлі жеңіске жетті. Оның авторы – Евгений Бурлака.

«Актобе» - «Алматы» 2:3 (0:0, 1:0, 1:3)

1:0 - 26:04 - Петросян (Захаров, Огиенко)

2:0 - 41:33 - Арбузов (Гайсин, Потапов) ГБ

2:1 - 42:40 - Атаханов (Данилкин, Бурлака)

2:2 - 43:19 - Туник (Анисимов, Жульдиков)

2:3 - 57:49 - Бурлака (Туник)

Қақпашылар: Костюков - Портер (Акулинин, 08:07-60:00)

«Ертіс» түзде күтпеген жерден «Құлагерді» жеңді. Петропавлдықтар үшін бұл жеңіліс плей-оффқа шығу мүмкіндігіне айтарлықтай ықпал етуі мүмкін. Павлодарлықтарға Александр Прилуцкий мен Михаил Гулыйдың дөп соққылары, сонымен қатар Вячеслав Нечвиенконың орындауындағы 43 сейв жеңіс әкелді.

«Құлагер» - «Ертіс» 1:2 (0:0, 0:2, 1:0)

0:1 - 24:36 - Прилуцкий (Жданов)

0:2 - 28:26 - Гулый (Петров, Жданов)

1:2 - 40:13 - Гловацкий (Рангаев, Дерзаев)

Қақпашылар: Гиганов - Нечвиенко


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.