Қазақстан чемпионатының Рудный мен Ақтөбедегі матчтарын бақылаймыз.
«Горняк» «Хумомен» ойында екінші кезеңді екпінді өткізіп, жеңіске жетті. Ташкенттік қарсыластарды екі рет Данила Барабаш күйіндірді. Рудныйлықтардың қақпашысы Владислав Нурек тамаша ойын өткізді: қақпаға бағытталған 35 соққыға тойтарыс берді. Бұл нәтиже күні ертең қайталанған жағдайда Сергей Невструевтің ойыншылары ресми түрде Pro Ligasy-ның плей-оффына жолдама алады.
«Горняк» - «Хумо» 5:1 (1:0, 3:1, 1:0)
1:0 - 14:00 - Кротов
2:0 - 22:58 - Барабаш (Куршук, Юлбарисов) ГБ
2:1 - 27:15 - Карабань (Арбузов, Гренц)
3:1 - 36:04 - Поляничев (Власкин) ГБ
4:1 - 36:55 - Барабаш (Гурин, Кротов)
5:1 - 54:19 - Саввин (Поляничев, Ревацкий)
Қақпашылар: Нурек - Моисеев (Шпак, 36:55-51:53, 53:57-60:00)
«Алматы» жекпе-жекте он голмен «Ақтөбеден» басым түсті. Оңтүстік астаналық ұжым үшін, әсіресе, екінші кезең нәтижелі болды: алаң иелерінің қақпасына бес шайба аттанды. Владислав Туник дубль жасады, жеңіс шайбасын артық құрам ұйымдастырған Диас Атаханов салды. Қонақтардың үш нәтижелі шабуылына Стас Петросян (1+2) қатысты.
«Ақтөбе» - «Алматы» 4:6 (1:0, 1:5, 2:1)
1:0 - 12:12 - Гайсин (Петросян)
2:0 - 22:17 - Петросян (Потапов, Арбузов)
2:1 - 25:20 - Бурделёв (Данилкин)
2:2 - 27:34 - Туник (Кожевников, Валиев) ГБ
2:3 - 33:05 - Туник (Кожевников, Анисимов)
2:4 - 35:25 - Карамнов (Валиев, Туник) ГБ
2:5 - 36:04 - Атаханов (Хоменко, Бурделёв) ГБ
3:5 - 42:03 - Потапов (Петросян, Дорофеев) ГБ
3:6 - 43:31 - Данилкин (Штефан, Хеффернан)
4:6 - 49:46 - Плотников (Сошников)
Қақпашылар: Ершов (Селивёрстов, 36:04-59:34) - Осокин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.