Стас Петросян: «Барлығы өзімізге байланысты»

15 qańtar
491

«Ақтөбе» шабуылшысы Стас Петросян клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Pro Ligasy-ның апта ойыншысы атанғанына қатысты пікір білдірді.

«Ақтөбе» шабуылшысы Стас Петросян клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Pro Ligasy-ның апта ойыншысы атанғанына қатысты пікір білдірді.

- Стас, аптаның үздік ойыншысы атануыңмен құттықтаймыз!

- Көп рақмет!

- Көп уақыт бойы шайбаң өтпей жүрді. Ал енді бұлақтың көзі ашылғандай. «Құрғақшылықты» қалай еңсердің?

- Иә, ұзақ уақыт бойы гол сала алмай жүрдім. Тіпті, неден екенін білмеймін. Ұтымды сәттер болатын, бірақ біресе штангаға тиетін, біресе қақпашылар қағып алатын. Тіпті, осы тұста қобалжи бастадым. Ал қазіргі голдарды салуыма маған ұтымды сәт туғызған командаластарым көмектесті. Маған тек салу ғана қалды!

- Тұрақты маусымның аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Турнирдегі жағдайды жақсартуға мүмкіндік бар. Қолдан келе ме?

- Әрине, тұрақты чемпионаттың аяқталуына әлі сегіз матч бар, барлығы өзімізге байланысты, ойында өзімізді қалай көрсететінімізге байланысты.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.