Дүйсенбі күні хоккейден Қазақстан чемпионатында бір матч шахтерлер астанасында өтті.
Бұл ойында екінші кезең шешуші болып, «Сарыарқа» үш нәтижелі шабуыл жасады. Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы – Александр Борисевич (1+2). Қарағандылықтардың қақпашысы Данил Кадочников қақпаға бағытталған 26 соққыға тойтарыс берді. Осы жетістігінен кейін Владимир Князевтің ойыншылары лиганың турнир кестесінде екінші орынға шықты.
«Сарыарқа» - «Құлагер» 5:2 (1:1, 3:1, 1:0)
0:1 - 00:48 - Рангаев (Кунишников)
1:1 - 19:33 - Капотов (Борисевич, Королинский)
2:1 - 24:59 - Королинский (Борисевич, Капотов)
3:1 - 25:36 - Коннов (Баженов, Пелевин)
4:1 - 30:38 - Сайко
4:2 - 35:00 - Кунишников (Гловацкий)
5:2 - 47:22 - Борисевич (Ердаков, Валеев) ГБ
Қақпашылар: Кадочников - Гиганов (Осипов, 30:38-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.