Гасниковтің хет-тригі Бейбарысқа Ертісті ойсырата жеңуге көмектесті, Ақтөбе Өскеменде қарымта қайтарды

11 qańtar
561

Сенбіге хоккейден Қазақстан чемпионатында екі матч жоспарланған.

«Бейбарыс» «Ертіспен» түздегі екінші матчта бірінші кезеңде-ақ шешуші үстемдікті орнатты. Әрі қарай алаң иелері бір шайбаның есесін қайтарды, алайда «Ертіс» толыққанды ойынға орала алмады. Тәжірибесі мол Евгений Гасников хет-трик жасады. Атыраулық ұжым үшін бұл ағымдағы маусымдағы оныншы жеңіс.

«Ертіс» - «Бейбарыс» 1:7 (0:4, 1:0, 0:3)

0:1 - 07:53 - Гасников (Гатин, Свинтальский)

0:2 - 08:38 - Мурзин (Фальковский)

0:3 - 14:00 - Трибунский (Контуганов)

0:4 - 15:22 - Гасников (Садыков, Каргин)

1:4 - 26:10 - Акпирганов (Мусалимов, Евлоев)

1:5 - 42:59 - Тусупбеков (Гусев, Фальковский)

1:6 - 46:53 - Федоров (Гофман)

1:7 - 54:15 - Гасников (Гатин, Свинтальский)

Қақпашылар: Нечвиенко (Челайдюк, 53:37-60:00) - Фанайлов

«Ақтөбе» екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, Өскеменде қарымта қайтарды. Қысқа кезең ішінде қонақтар төрт шайба салды, бұл соңғы кезеңде ойынды бақылауда ұстауға мүмкіндік берді. Руслан Гайсиндубль жасады.

«Торпедо» - «Ақтөбе» 3:5 (1:0, 1:4, 1:1)

1:0 - 06:09 - Шапорев (Александров) ГБ

1:1 - 21:36 - Гайсин (Арбузов, Петросян)

1:2 - 25:03 - Гайсин (Арбузов, Петросян)

1:3 - 25:37 - Захаров (Двуреченский, Курсакбаев)

1:4 - 35:42 - Исмагилов (Киселёв, Попитич)

2:4 - 39:14 - Рунов (Алдабергенов, Олендаренко)

3:4 - 54:23 - Гребенщиков (Александров, Шапорев) ГБ

3:5 - 59:16 - Попитич (Исмагилов, Митряков) ПВ

Қақпашылар: Пестов (Эрштейн, 35:42-60:00) - Ершов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.