Павленконың хет-тригі Хумоны плей-оффқа шығарды, Сарыарқа да чемпиондық үшін таласады

10 qańtar
969

Қазақстан чемпионатының Ташкент пен Рудныйдағы матчтарын бақылаймыз.

«Хумо» өз алаңында «Құлагерді» екінші рет жеңіп, биылғы маусымдағы плей-офф қатысушыларының қатарына ресми түрде кірді. Кездесудің басты қаһарманы – хет-трик жасаған Андрей Павленко. Бір қызығы, оған 5 командаласы пас берді. Ташкенттіктердің қақпашысы Глеб Моисеевтің есебінде 19 сейв бар.

«Хумо» - «Құлагер» 3:1 (0:1, 1:0, 2:0)

0:1 - 10:56 - Кунишников (Рангаев, Гловацкий)

1:1 - 25:28 - Павленко (Сиксна, Фазлеев) ГБ

2:1 - 45:51 - Павленко (Шевченко, Боровиков)

3:1 - 58:22 - Павленко (Арбузов, Шевченко)

Қақпашылар: Моисеев - Каратаев (Гиганов, 58:53-60:00)

Рудныйдағы екінші матчта «Сарыарқа» мен «Горнякқа» жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жеткіліксіз болды. Нәтижесінде екі ұпайды бүгін алаң иелері алды. Шешуші голдың авторы – Анатолий Шишов. Жеңіліске қарамастан, қарағандылықтар қажет балды жинап, «Хумо» сияқты турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі командаларды шаң қаптырып кетті. Осылайша, плей-оффқа жолдама алды.

«Горняк» - «Сарыарқа» 4:3 ОТ (2:1, 1:1, 0:1, 1:0)

0:1 - 03:03 - Борисевич (Верещагин, Шингареев) ГБ

1:1 - 12:06 - Габазов (Ревацкий, Саввин)

2:1 - 13:42 - Юлбарисов (Гурин, Барабаш) ГБ

3:1 - 28:47 - Гурин (Юлбарисов, Барабаш) ГБ

3:2 - 32:59 - Кнауб (Валеев)

3:3 - 57:59 - Кузьменко (Зайцев)

4:3 - 61:21 - Шишов (Поляничев, Власкин)

Қақпашылар: Нурек - Ибрагимов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.