Қазақстан чемпионатының Өскемен мен Павлодардағы матчтарын бақылаймыз.
Алаң иелері Эрик Алдабергеновтің голынан кейін есеп бойынша жылдам алға шықты. «Торпедолықтар» шешуші серпілісті екінші кезеңде жасады: қарсыласқа бір-бір шайбадан Герман Шапорев пен Андрей Лагунов салды. Жекпе-жектің қаһарманы Андрей Янков қақпаға бағытталған 23 соққыға тойтарыс берді. Өскемендіктер лигада алғашқы болып биылғы чемпионаттың 50 ұпайлық межесіне жетті.
«Торпедо» - «Ақтөбе» 3:0 (1:0, 2:0, 0:0)
1:0 - 07:02 - Алдабергенов (Александров, Кляузов)
2:0 - 31:58 - Шапорев
3:0 - 38:30 - Лагунов (Пархоменко)
Қақпашылар: Янков - Ершов
«Бейбарыс» түзде «Ертісті» жеңді. Кездесудің 53-ші минуты басталғанша жеңістен әлі де үмітті болды. Алайда соңында қонақтар төрт жарым минут ішінде екі нәтижелі шабуыл жасап, таразы басында басымдыққа ие болды. Өзінің бұрынғы командасына екі рет Юсуп Асуханов шайба салды, Данил Федоров (1+2) атыраулықтардың үш нәтижелі шабуылына қатысты.
«Ертіс» - «Бейбарыс» 2:5 (0:1, 2:2, 0:2)
0:1 - 09:47 - Федоров (Макаревич, Гофман) ГБ
0:2 - 21:43 - Асуханов (Федоров, Свинцицкий)
1:2 - 26:08 - Абдрашитов (Билимбаев)
1:3 - 30:03 - Свинтальский (Иванов)
2:3 - 36:29 - Томилов (Абдрашитов, Маслов)
2:4 - 52:10 - Яковлев (Напольских, Иванов)
2:5 - 56:48 - Асуханов (Макаревич, Федоров) ГБ
Қақпашылар: Нечвиенко - Микушин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.