Сарыарқа Рудныйда жеңіске жетті, Хумо Құлагерді жеңді

9 qańtar
390

Бейсенбіге Қазақстан чемпионатында екі матч жоспарланды.

«Горняк» «Сарыарқамен» үйдегі алғашқы матчты тамаша бастады – бесінші минуттың соңында Роман Поляничев пен Оскар Юлбарисов қонақтарға бір-бірден шайба салдырып үлгерді. Үзіліске дейін Кирилл Пономарёв бір шайбаның есесін қайтарды. Кездесуде екінші кезең шешуші болып, қарағандылықтар тағы екі нәтижелі шабуыл жасады: Тимур Шингарев пен Филипп Кнауб көзге түсті. Қалған уақытта «Сарыарқа» қақпашысы Данил Кадочников өз қақпасын мығым қорғап, «сары-қараларға» жеңіске жетуге мүмкіндік берді.

«Горняк» - «Сарыарқа» 2:3 (2:1, 0:2, 0:0)

1:0 - 02:02 - Поляничев (Власкин, Степанов)

2:0 - 04:27 - Юлбарисов (Ревацкий)

2:1 - 16:54 - Пономарёв (Болякин, Пальмтаг)

2:2 - 20:39 - Шингареев (Борисевич, Ердаков) ГБ

2:3 - 29:00 - Кнауб (Шульга, Валеев)

Қақпашылар: Нурек - Кадочников

«Хумо» «Құлагермен» ойында үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, жеңісті жұлып әкетті. Шешуші соққының авторы – Артём Лихотников, Вячеслав Литовченко дубль жасады. Ташкенттіктер үшін бұл ағымдағы тұрақты чемпионаттағы 20-шы жеңісі. Бүгінгі матчтан кейін «Хумо» үздіктер үштігіне орналасты.

«Хумо» - «Құлагер» 5:3 (1:2, 0:0)

1:0 - 08:19 - Литовченко (Фазлеев, Боровиков)

1:1 - 09:23 - Миргалиев

1:2 - 11:11 - Ананичев (Миргалиев)

2:2 - 47:06 - Литовченко

2:3 - 47:35 - Гловацкий (Рангаев, Рыжий)

3:3 - 52:01 - Фазлеев (Саврицкий, Литовченко)

4:3 - 54:19 - Лихотников (Карабань, Гренц)

5:3 - 59:58 - Карабань (Лихотников) ПВ

Қақпашылар: Козловский (Шпак, 47:35-52:01) - Каратаев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.