Сейсенбіге хоккейден Қазақстан чемпионатында екі матч жоспарланды.
«Торпедо» «Бейбарыспен» үйдегі екінші текетіресте жеңісті уыстан шығарып ала жаздады. Атыраулықтар ойынды алдымен овертаймға айналдырып, әрі қарай буллиттер сериясымен жалғастырды. Алайда бүгін екі балды өскемендіктер иеленді. Жеңіс соққысының авторы – Андрей Рунов.
«Торпедо» - «Бейбарыс» 3:2 Б (2:0, 0:1, 0:1, 0:0, 1:0)
1:0 - 15:42 - Кляузов (Сулимов, Скутар)
2:0 - 19:51 - Рифель (Каиров, Базанов)
2:1 - 39:07 - Федоров (Свинцицкий, Асуханов)
2:2 - 44:03 - Макаревич
3:2 - 65:00 – Рунов ПБ
Қақпашылар: Пестов - Шефер (Фанайлов, 20:00-65:00)
«Ақтөбе» Павлодарда екінші рет жеңіске жетті. Қонақтар үшін жеңіс голын Владислав Арбузов салды. Руслан Гайсин командаластарына үш рет пас берді. Батысқазақстандық ұжымның қақпашысы Никита Селивёрстов қақпаға бағытталған 25 соққыға тойтарыс берді.
«Ертіс» - «Ақтөбе» 2:4 (0:1, 2:2, 0:1)
0:1 - 13:27 - Петросян (Гайсин) ГБ
1:1 - 20:37 - Томилов (Прилуцкий)
1:2 - 28:20 - Митряков (Исмагилов, Попитич)
1:3 - 28:40 - Арбузов (Гайсин, Петросян)
2:3 - 34:11 - Жабунин (Акпирганов)
2:4 - 57:58 - Сошников (Дорофеев, Гайсин)
Қақпашылар: Нечвиенко - Селивёрстов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.