Арлан Сарыарқаны үштікке өткізбеді, Ақтөбе Ертісті жеңді, Петросян хет-трик жасады

6 qańtar
710

Қазақстан чемпионатының Көкшетаудағы, Павлодар мен Алматыдағы матчтарын бақылаймыз.

«Арлан» өз алаңында «Сарыарқаны» тағы да жеңді. Бірінші кезеңнің ортасындағы Егор Кузьменконың шайбасына қарамастан, көкшетаулықтар бақылауды өз қолдарына алып, кезекті екі балды иемдене алды. Жеңіс шайбасының авторы – Андрей Кураков. Сергей Кудрявцевтің есебінде 58 сейв бар.

«Арлан» - «Сарыарқа» 3:1 (0:1, 2:0, 1:0)

0:1 - 08:19 - Кузьменко (Королинский)

1:1 - 29:51 - Парамонов (Гопиенко, Хорошев)

2:1 - 37:21 - Кураков (Чапоров, Беляев)

3:1 - 53:19 - Никулин (Волков, Боровков)

Қақпашылар: Кудрявцев - Ибрагимов

«Ақтөбе» Павлодарда маңызды жеңіске қол жеткізді. Шешуші серпілісті қонақтар екінші кезеңнің ортасына қарай жасады. Кездесудің қаһарманы – хет-трик жасаған Стас Петросян. Осы жетістігінен кейін Александр Поляковтың ойыншылары ұпай бойынша жетінше орында келе жатқан «Номадпен» теңесті.

«Ертіс» - «Ақтөбе» 3:6 (1:2, 1:3, 1:1)

0:1 - 02:25 - Петросян (Гайсин, Потапов)

1:1 - 04:12 - Данилов (Петров, Томилов)

1:2 - 17:50 - Петросян (Потапов, Гайсин)

1:3 - 28:35 - Плотников (Зизевских)

1:4 - 29:47 - Попитич (Пономарёв, Дорофеев)

1:5 - 31:44 - Захаров (Плотников)

2:5 - 33:34 - Жабунин (Прилуцкий, Акпирганов)

2:6 - 44:55 - Петросян (Арбузов) ГБ

3:6 - 57:20 - Петров (Данилов, Жданов) ГБ

Қақпашылар: Нечвиенко - Ершов (Селивёрстов, 49:28-60:00)

«Алматы» «Құлагерден» қарымта қайтарды, оңтүстік астаналық ұжым үш шайбаның екеуін артық құраммен салды. Алаң иелеріне жеңіс сыйлаған гол авторы – Егор Анисимов.

«Алматы» - «Құлагер» 3:1 (1:0, 0:1, 2:0)

1:0 - 06:54 - Кожевников

1:1 - 24:03 - Миргалиев (Дерзаев, Голощапов) ГБ

2:1 - 51:57 - Анисимов (Машинец, Туник) ГБ

3:1 - 53:01 - Бурделёв (Жульдиков, Хоменко) ГБ

Қақпашылар: Осокин - Каратаев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.