Горняк Астанада тағы да жеңіске жетті, Торпедо Бейбарыстан басым түсті

6 qańtar
590

Қазақстан чемпионатының Астана мен Өскемендегі матчтарын бақылайық.

«Горняк» «Номадты» екінші рет сенімді түрде жеңіп, Астанадан төрт балмен қайтты. Рудныйлықтар үшін бұл қатарынан алтыншы жеңіс. «Көшпенділер» құрамынан ересектер деңгейіндегі алғашқы шайбасын 17 жастағы Александр Симахин салды.

«Номад» - «Горняк» 1:5 (1:2, 0:1, 0:2)

1:0 - 02:24 - Симахин (Миндубаев, Бақыт)

1:1 - 06:08 - Степанов

1:2 - 07:29 - Юлбарисов (Ревацкий) ГМ

1:3 - 22:39 - Поляничев (Лазарев, Власкин)

1:4 - 52:14 - Гурин (Барабаш, Абдуллаев)

1:5 - 56:58 - Абдуллаев (Гурин, Барабаш)

Қақпашылар: Калмыков - Нурек

«Торпедо» «Бейбарысты» тырп еткізбеді. Өскемендіктер екі рет артық құрам ұйымдастырып, қорғаныста мығым ойнады. Андрей Янков қақпаға бағытталған 22 соққыға тойтарыс берді. Атыраулықтар бұрынғыша плей-офф аймағынан 11 балға артта қалып отыр.

«Торпедо» - «Бейбарыс» 5:1 (2:0, 2:0, 1:1)

1:0 - 12:34 - Шапорев (Акмальдинов, Олендаренко) ГБ

2:0 - 19:52 - Мусоров (Лагунов, Акмальдинов)

3:0 - 21:45 - Алдабергенов (Пархоменко, Шапорев)

4:0 - 29:41 - Кляузов (Мусоров, Скутар) ГБ

4:1 - 49:12 - Каргин (Гатин) ГБ

5:1 - 59:37 - Рунов (Колобов, Кляузов) ПВ

Қақпашылар: Янков - Микушин (Фанайлов, 29:41 - 60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.