Горняк Номадты ойсырата жеңді

5 qańtar
585

Қазақстан чемпионаты жаңажылдық үзілістен кейін жалғасын тапты.

Жаңа жылдың алғашқы матчында «Горняк» Астанада «Номадты» ойсырата жеңді. Рудныйлықтар құрамынан Валерий Гурин дубль жасады, қонақтардың үш нәтижелі шабуылына Никита Ляпунов(1+2) қатысты. «Горняк» қақпашысы Владислав Нуректің есебінде 23 сейв бар. Сергей Невструевтің командасы үшін бұл – қатарынан бесінші жеңіс.

«Номад» - «Горняк» 0:6 (0:1, 0:2, 0:3)

0:1 - 18:58 - Степанов (Поляничев)

0:2 - 20:10 - Ляпунов (Катков, Васин)

0:3 - 36:38 - Саввин (Ляпунов, Барабаш)

0:4 - 49:55 - Васин (Ляпунов)

0:5 - 55:25 - Гурин (Козорез)

0:6 - 57:10 - Гурин (Юлбарисов)

Қақпашылар: Калмыков - Нурек

«Арлан» мен «Сарыарқаның» Көкшетаудағы бірінші текетіресінде жеңімпаз буллиттер сериясында ғана анықталды. Негізгі уақытта қақпашылардың ойыны басты назарда болды. Нәтижесінде алаң иелеріне екі балды Дмитрий Архиповтың дөп соққысы, сондай-ақ Сергей Кудрявцевтің орындауындағы құрғақ матч сыйлады. Осы жетістігінен кейін Владимир Маркеловтың ойыншылары чемпионат көшбасшысы «Торпедодан» алшақтықты бір балға дейін қысқартты.

«Арлан» - «Сарыарқа» 1:0 Б (0:0, 0:0, 0:0, 0:0, 1:0)

1:0 – 65:00 – Архипов ПБ

Қақпашылар: Кудрявцев – Кадочников

Станислав Рангаевтың хет-тригі «Құлагерге» оңтүстік астанада жігерлі жеңіске жетуге көмектесті. Петропавлдықтар кездесу барысында екі рет екі шайба артта қалып келе жатты, алайда шешуші серпілісті жасап, екі балды жұлып әкетті. Жеңіс шайбасының авторы – Антон Гловацкий.

«Алматы» - «Құлагер» 4:6 (3:2, 0:2, 1:2)

1:0 – 00:35 – Кожевников (Машинец, Туник)

2:0 – 01:45 – Анисимов (Машинец, Туник) ГБ

2:1 – 14:01 – Дерзаев (Рыжий, Гловацкий)

3:1 – 16:41 – Бурделёв (Хоменко, Габдуллин)

3:2 – 18:12 – Рангаев (Гловацкий, Недилько)

3:3 – 24:08 – Рангаев (Кунишников, Рыжий)

3:4 – 38:33 – Рангаев (Недилько, Кунишников)

4:4 – 50:35 – Туник (Штефан, Бурлака)

4:5 – 56:05 – Гловацкий (Рангаев, Кунишников)

4:6 – 56:36 – Недилько (Своеволин, Казаченко)

Қақпашылар: Портер – Каратаев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.