Ертіс Сарыарқаға тағы да жол берді, Тютюньков Торпедоға тағы да Петропавлда жеңіс сыйлады

28 jeltoqsan
205

Қазақстан чемпионатының Қарағанды мен Петропавлдағы матчтарын бақылайық.

«Сарыарқа» 2024 жылды қатарынан үш жеңіспен аяқтады. Бүгін қарағандылықтар «Ертісті» сенімді түрде жеңді. Алаң иелері құрамынан Александр Борисевич дубль жасады. Артық құрам ұйымдастырған Артём Валеев «Сарыарқаның» биылғы маусымдағы жүзінші шайбаның авторы атанды. Владимир Внязевтің ойыншылары тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша ең жоғары орындар үшін тартысты жалғастыруда.

«Сарыарқа» - «Ертіс» 7:1 (1:0, 2:1, 4:0)

1:0 - 15:45 - Баженов (Королинский, Буяльский)

1:1 - 21:18 - Жабунин (Билимбаев, Кнауб) ГБ

2:1 - 30:43 - Борисевич (Зайцев) ГБ

3:1 - 31:05 - Валеев (Борисевич, Верещагин) ГБ

4:1 - 45:20 - Симонов (Борисевич, Капотов)

5:1 - 50:40 - Кузьменко (Зайцев, Наместников)

5:1 - 52:10 - Мусалимов

6:1 - 57:16 - Буяльский (Королинский, Баженов)

7:1 - 58:06 - Борисевич (Шингареев, Верещагин)

Қақпашылар: Пахоленко - Нечвиенко

«Құлагер» мен «Торпедоның» екінші кездесуінде жеңімпазды анықтауға негізгі уақыт жеткіліксіз болды. Ал овертаймда қонақтарға екі балды Ян Тютюньковтың дөп соққысы сыйлады. Өскемендіктердің қақпашысы Владислав Пестовтың есебінде 23 сейв бар.

«Құлагер» - «Торпедо» 1:2 (0:0, 1:0, 0:1, 0:1)

1:0 - 31:17 - Маркабаев (Дерзаев, Своеволин)

1:1 - 45:54 - Александров (Пархоменко, Гребенщиков)

2:1 - 62:22 - Тютюньков

Қақпашылар: Каратаев - Пестов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.