Қазақстан чемпионатының Павлодар мен Ташкенттегі матчтарын бақылайық.
«Ертіс» «Торпедомен» үйдегі екінші матчта да сенсация жасауға таяу болды. Алайда кездесудің соңында өскемендіктер таразы басын өзіне қарай бұрды. Қонақтарға жеңісті Андрей Руновтың дөп соққысы сыйлады. «Торпедо» қақпашысы Владислав Пестовтың есебінде 27 сейв бар.
«Ертіс» - «Торпедо» 2:3 (0:0, 2:1, 0:2)
1:0 - 21:28 - Томилов (Гулый, Жданов)
1:1 - 32:04 - Гавриленко (Мусоров)
2:1 - 37:33 - Билимбаев (Пак, Кнауб) ГБ
2:2 - 45:47 - Тютюньков (Скутар, Акмальдинов)
2:3 - 51:27 - Рунов (Кляузов, Колобов)
Қақпашылар: Нечвиенко - Пестов
«Алматы» «Хумомен» екінші кездесуде негізгі уақыттағы жеңілістен үлкен ерлікпен құтылды. Оның үстіне, үшінші шайба алаң иелерінің қақпасына финалдық ысқырыққа 15 секунд қалғанда түсті. Алайда буллиттер сериясында ташкенттіктер өз дегеніне жетті. Және тағы да күн бұрынғыдай шешуші голдың авторы тәжірибелі Вадим Кравченко болды. Осылайша, «Хумо» қатарынан төртінші жеңіске қол жеткізіп, лиганың турнир кестесінде екінші орынға жайғасты.
«Хумо» - «Алматы» 4:3 Б (0:1, 2:0, 1:2, 0:0, 1:0)
0:1 - 17:16 - Кожевников (Туник, Габдуллин)
1:1 - 34:57 - Сиксна (Гренц) ГБ
2:1 - 35:57 - Дербенёв (Асташевич)
3:1 - 43:13 - Буяльский (Шевченко)
3:2 - 46:25 - Штефан (Валиев, Гафаров)
3:3 - 59:45 - Хоменко (Валиев, Карамнов)
4:3 - 65:00 – Кравченко ПБ
Қақпашылар: Козловский - Осокин
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.