Номад Ақтөбені тағы да жеңді, Горняк Құлагерді плей-офф аймағына жуытпады

24 jeltoqsan
290

Қазақстан чемпионатының Астана мен Рудныйдағы матчтарын бақылаймыз.

«Номад» пен «Ақтөбенің» екінші кездесуінде екінші кезең шешуші болып, алаң иелері екі рет артық құрам ұйымдастырып, шешуші үстемдікке ие болды. «Көшпенділер» құрамынан Даниил Цыбин дубль жасады. «Номадтың» қақпашысы Роман Калмыковтың есебінде 34 сейв бар.

«Номад» - «Ақтөбе» 4:2 (1:2, 2:0, 1:0)

1:0 - 04:28 - Касенов (Лукавенко) ГМ

1:1 - 04:55 - Исмагилов (Козинов, Попитич) ГМ

1:2 - 18:49 - Огиенко (Петросян, Потапов)

2:2 - 32:35 - Колесников (Гусейнов) ГБ

3:2 - 33:14 - Цыбин (Никитин, Шульга) ГБ

4:2 - 58:19 - Цыбин (Гусейнов) ПВ

Қақпашылар: Калмыков - Скрынник

«Горняк» «Құлагермен» екінші матчты екпіндетіп бастап, петропавлдықтарды балсыз қалдырды. Алаң иелері үшін жеңіс шайбасының авторы – Роман Поляничев. Рудныйлықтар екі табысты ойыннан кейін плей-офф аймағына бекіді. Ал «Құлагер» бұрынғыша сегіздіктен бес ұпайға қалып келе жатыр.

«Горняк» - «Құлагер» 3:2 (3:1, 0:1, 0:0)

1:0 - 03:06 - Власкин (Степанов, Катков) ГБ

2:0 - 06:12 - Степанов (Власкин, Поляничев)

3:0 - 09:30 - Поляничев (Власкин, Катков)

3:1 - 12:33 - Маркабаев (Казаченко, Гончаров)

3:2 - 30:45 - Кунишников (Своеволин, Рангаев)

Қақпашылар: Нурек - Каратаев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.