Қазақстан чемпионатының Павлодар мен Ташкенттегі матчтарын бақылайық.
«Торпедо» Павлодарда күтпеген жерден жеңілді. «Ертіс» маусым бойы төртінші матчын жеңіп, чемпионаттың аралық көшбасшысын жеңіліске ұшыратты. Алаң иелері үшін жеңіс шайбасының авторы – Гордей Маслов. Өскемендіктердің құрамынан Никита Колобов дубль жасады.
«Ертіс» - «Торпедо» 3:2 (1:1, 2:1, 0:0)
1:0 - 10:09 - Билимбаев (Маслов, Кнауб)
1:1 - 10:28 - Колобов (Кляузов, Громов)
2:1 - 28:28 - Жданов (Томилов, Гулый)
2:2 - 29:26 - Колобов (Кляузов, Мусоров) ГБ
3:2 - 32:25 - Маслов (Билимбаев, Абдрашитов)
Қақпашылар: Захаров - Эрштейн
«Хумо» оңтүстікастаналық қарсыласқа соққы боратып, белсендірек болды. Алайда ташкенттіктер жеңісті овертаймда ғана жұлып алды. Шешуші соққының авторы – Вадим Кравченко. Осы жетістігінен кейін өзбекстандық ұжым турнир кестесінде үшінші орынға шықты.
«Хумо» - «Алматы» 2:1 ОТ (0:0, 1:1, 0:0, 1:0)
1:0 - 28:45 - Мальцев (Лудцев)
1:1 - 32:23 - Хоменко (Бурделёв, Карамнов)
2:1 - 61:15 - Кравченко (Гренц, Мальцев)
Қақпашылар: Козловский – Портер
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.