Номад қатарынан екінші құрғақ жеңіске қол жеткізді, Горняк Құлагерден басым түсті

23 jeltoqsan
359

Қазақстан чемпионатының Астана мен Рудныйдағы матчтарын бақылаймыз.

Елордалық ұжым қорғаныста тағы да мығым ойнап, өз қақпашысы Роман Калмыковқа өз қақпасына шайба жуытпауға көмектесті. Ол қақпаға бағытталған 43 соққыға тойтарыс берді. «Көшпенділер» үшін алғашқы матчын өткізген 17 жастағы Тимур Миндубаевтың ересектер деңгейіндегі дебют голын атап өткен жөн.

«Номад» - «Ақтөбе» 4:0 (1:0, 2:0, 1:0)

1:0 - 12:07 - Миндубаев (Гусейнов, Дурглишвили)

2:0 - 26:59 - Данияр (Гусейнов, Бойко) ГБ

3:0 - 36:35 - Колесников (Шульга, Сулейменов)

4:0 - 48:03 - Цыбин (Миндубаев, Дурглишвили)

Қақпашылар: Калмыков - Ершов (Селивёрстов, 55:24-60:00)

«Горняк» - «Құлагер» матчының негізгі жайттары екінші кезеңде өтті. Рудныйлықтар үшін жеңіс соққысының авторы – Валерий Гурин. Алаң иелерінің қақпашысы Владислав Нурек қақпаға бағытталған 27 соққыға тойтарыс берді.

«Горняк» - «Құлагер» 3:2 (0:1, 3:1, 0:0)

0:1 - 00:59 - Рангаев (Рыжий, Гончаров)

1:1 - 27:27 - Власкин (Степанов, Барабаш)

2:1 - 27:44 - Васин (Ляпунов, Шишов)

3:1 - 33:20 - Гурин (Тесленко, Барабаш)

3:2 - 37:15 - Ананичев (Гловацкий, Бабинцев) ГБ

Қақпашылар: Нурек - Каратаев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.