Сарыарқа минималды есеппен Бейбарысты жеңді

20 jeltoqsan
216

Қазақстан чемпионатындағы ойын күнінің жалғыз жекпе-жегі Атырауда өтті.

«Бейбарыс» пен «Сарыарқаның» екінші кездесуінде ойын тағдырын қарағандылықтардың үшінші кезеңнің басында салған жалғыз шайбасы шешті. Оның авторы – Евгений Королинский. Қонақтардың қақпашысы Данил Кадочников қақпаға бағытталған 21 соққыға тойтарыс берді. Владимир Князевтің ойыншылары осы жетістігінен кейін көшбасшылар үштігіне оралды. Ал атыраулықтар плей-офф аймағына сәл жақындау мүмкіндігін жоғалтты.

«Бейбарыс» - «Сарыарқа» 0:1 (0:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 45:21 - Королинский

Қақпашылар: Микушин - Кадочников


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.