Кудрявцев Құлагерді құрғатты

18 jeltoqsan
180

Қазақстан чемпионаты ойын күнінің жалғыз жекпе-жегі Көкшетауда өтті.

«Құлагер» бүгін 19 соққыға тойтарыс беріп, маусымдағы алғашқы құрғақ матчын өткізген Сергей Кудрявцевтің иелігіне өте алмады. «Арланның» алаң ойыншылары Данил Парамонов пен Владимир Боровков қақпашысына дубльдерімен көмектесті. Владимир Маркеловтың ойыншылары осы жетістігінен кейін турнир кестесінде екінші орынға шықты. Сонымен қатар көкшетаулық хоккей мектебінің шәкірті Ғалиасқар Аиповтың ересектер деңгейіндегі дебютін атап өтуге болады.

«Арлан» - «Құлагер» 4:0 (1:0, 2:0, 1:0)

1:0 - 02:52 - Парамонов (Хорошев, Архипов)

2:0 - 34:54 - Боровков (Санников) ГМ

3:0 - 38:02 - Парамонов (Санников)

4:0 - 59:06 - Боровков (Михайлов)

Қақпашылар: Кудрявцев - Каратаев


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.