Хоккейден Қазақстан чемпионаты үш матчпен жалғасты.
«Торпедо» өз алаңында «Хумодан» тағы да басым түсті. Өскемендіктердің жеңіс шайбасының авторы – Александр Панченко. Андрей Янковтың есебінде 35 сейв бар.
«Торпедо» - «Хумо» 3:2 (0:0, 2:2, 1:0)
1:0 - 22:26 - Базанов (Хан, Мерзликин)
1:1 - 23:26 - Кравченко (Зебзеев)
2:1 - 35:18 - Лагунов (Кляузов, Скутар) ГМ
2:2 - 39:59 - Литовченко (Лудцев, Мальцев) ГБ
3:2 - 54:52 - Панченко (Лагунов)
Қақпашылар: Янков - Фомин
«Сарыарқа» «Ақтөбеден» қарымта қайтарды. Кездесудің қаһарманы – қонақтарға жеңіс сыйлаған дубльді жасаған Евгений Королинский. Қарағандылықтардың қақпашысы Данил Кадочников қақпаға бағытталған 28 соққыға тойтарыс берді.
«Ақтөбе» - «Сарыарқа» 2:4 (1:2, 1:1, 0:1)
1:0 - 04:23 - Комаров (Попитич, Козинов) ГБ
1:1 - 11:16 - Симонов (Коннов)
1:2 - 12:58 - Стулов (Кузьменко, Капотов)
2:2 - 20:27 - Захаров (Дорофеев, Беспрозванных)
2:3 - 23:58 - Королинский (Баженов, Зайцев)
2:4 - 56:12 - Королинский (Баженов, Верещагин) ГБ
Қақпашылар: Дубович (Ершов (40:00-60:00) - Кадочников
«Горняк» овертаймда «Бейбарысты» жеңді, және бір қызығы, рудныйлықтар соңғы кезеңнің ортасына қарай екі шайба артта қалып келе жатқан. Шешуші соққының авторы – Александр Ханьжин, Данила Платонов қарсыласты екі рет күйіндірді.
«Бейбарыс» - «Горняк» 4:5 ОТ (1:1, 2:1, 1:2, 0:1)
1:0 - 06:42 - Гасников (Макаревич, Мурзин) ГБ
1:1 - 19:17 - Платонов (Лазарев) ГБ
2:1 - 35:46 - Ковзалов (Контуганов, Садыков)
3:1 - 36:40 - Яковлев (Мурзин)
3:2 - 39:20 - Платонов (Барабаш, Лазарев)
4:2 - 48:26 - Гасников (Гофман, Злобин)
4:3 - 50:48 - Кротов (Гурин)
4:4 - 53:16 - Юлбарисов (Тесленко, Кротов)
4:5 - 60:29 - Ханьжин (Платонов, Барабаш)
Қақпашылар: Шефер – Тихонов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.