Дүйсенбіге хоккейден Қазақстан чемпионатында үш матч жоспарланды.
«Торпедо» мен «Хумо» үшін негізгі уақыт жеңімпазды анықтауға жеткіліксіз болды. Есесіне, овертаймның алғашқы минутында дубль жасаған Никита Коробов командаларды мұз алаңынан тарқатты. Екі пасты өз есебіне өскемендіктердің жаңа ойыншысы Максим Мусоров жазды. Алаң иелерінің қақпашысы Андрей Янков қақпаға бағытталған 45 соққыға тойтарыс берді.
«Торпедо» - «Хумо» 3:2 ОТ (0:0, 1:1, 1:1, 1:0)
0:1 - 31:33 - Мальцев (Карабань, Литовченко)
1:1 - 36:18 - Рунов (Колобов, Мусоров) ГБ
2:1 - 50:48 - Колобов (Рунов, Мусоров) ГБ
2:2 - 53:32 - Карабань
3:2 - 60:38 - Колобов
Қақпашылар: Янков – Фомин
«Сарыарқа» Матвей Ершовтың қақпасын ала алмады және чемпионаттың үздік командаларының үштігіне оралу мүмкіндігін уыстан шығарып алды. «Ақтөбенің» голкипері бүгінде 36 соққыға тойтарыс берді, ал алаң ойыншылары: Руслан Гайсин дубльмен және Никита Потапов голмен көмектесті.
«Ақтобе» - «Сарыарқа» 3:0 (0:0, 2:0, 1:0)
1:0 - 24:58 - Гайсин (Петросян, Ершов)
2:0 - 31:17 - Потапов (Огиенко)
3:0 - 46:11 - Гайсин (Петросян, Комаров)
Қақпашылар: Ершов – Кадочников
«Бейбарыс» пен «Горнякқа» да қосымша уақыт қажет болды. Бұл текетіресте атыраулық ұжым жеңіске жетті. Алаң иелерінен құрамынан Данил Федоров пен Артур Гусев көзге түсті. Артём Микушин қақпаға бағытталған 27 соққыға тойтарыс берді.
«Бейбарыс» - «Горняк» 2:1 ОТ (0:0, 1:1, 0:0, 1:0)
0:1 - 28:49 - Власкин (Платонов, Юлбарисов)
1:1 - 32:46 - Федоров (Мурзин, Яковлев) ГБ
2:1 - 61:39 - Гусев (Гасников, Фальковский)
Қақпашылар: Микушин - Тихонов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.