Қазақстан чемпионаты ойын күнінің жалғыз жекпе-жегі оңтүстік астанада өтті.
«Алматы» өз алаңында «Ертісті» жеңіп, турнир кестесінде үшінші орынға шықты. Бұл ретте Александр Нестеровтың ойыншылары лигада нәтижелілік бойынша екінші орында тұр (84 шайба салды). Ян Хоменко дубль жасады. Павлодарлықтар үшін бұл қатарынан бесінші жеңіліс болды.
«Алматы» - «Ертіс» 5:2 (0:0, 3:2, 2:0)
1:0 - 21:37 - Чупарнов (Хоменко, Гусейнов)
2:0 - 30:12 - Штефан (Фатыхов)
3:0 - 31:42 - Хоменко (Чупарнов, Валиев)
3:1 - 32:12 - Ямалов (Абдрашитов, Кнауб)
3:2 - 38:38 - Быков (Саввин, Федосеев)
4:2 - 40:28 - Хоменко (Анисимов) ГМ
5:2 - 59:56 - Гафаров (Штефан, Бурлака) ПВ
Қақпашылар: Осокин - Захаров
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.